Өңірлер

Павлодар облысында екі жүк көлігі жолда қалып қойған

Жүргізушілер құтқарылып, Шідерті ауылына жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қызылорда-Павлодар тас жолында екі жүк көлігінің жанармайы қатып, жолда қалып қойған, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында жолда қалып қойған 25 адам құтқарылды

Құтқару ведомствосының мәліметінше, 22 қаңтарда 18.15 кезінде Қызылорда-Павлодар тас жолында көліктің сынып қалғаны туралы жолай өтіп бара жатқан жүргізуші хабарлаған.

Оқиға орнына құтқарушылар жеткенде, көлікте тағы екі жүргізушінің бары анықталған. Олар Шідерті ауылына жеткізілді. Сол күні төрт сағаттан соң сол тас жолда тағы бір көліктің жанармайы қатып қалыпты. Ол көлікте де екі жүргізуші болған.