Өңірлер

СҚО-да су тасқынының алдын алу үшін Есіл өзенінде су қоймасы салынбақ

Су қоймасының сыйымдылығы бір миллиард метр куб болады
Sputnik

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа су қоймасы салынады, ол өңірді су тасқынынан қорғайтын болады, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Петропавлға сапары барысында.

Солтүстік Қазақстандағы биылғы су тасқыны бірнеше рекорд жасады

Министр орынбасарының сөзіне сүйенсек, қазір Есіл өзенінде Бузулук су қоймасын салу үшін жоба-сметалық құжаттар дайындалып жатыр.

"Ол Ақмола және Қарағанды облыстарынан ағып келетін бір миллиард метр куб суды жинақтайды. Демек Солтүстік Қазақстанда су тасуы кезінде төтенше жағдайдың болу қаупін төмендетеді", — дейді Ильин.

Сонымен бірге, Юрий Ильин айтуынша, былтырғы жылдармен салыстырғанда қар көлемі биыл біршама аз. Сол себепті министр орынбасары өңірдегі су тасу мерзімі бір қалыпты өтеді деп үміттенеді.