Саясат

Қырғызстанда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Танымал қырғыз ортопед-дәрігері, академик Сабырбек Жұмабеков 2014 жылдан бері Талас облысындағы Қазақстанның құрметті консулы болып келеді
Sputnik

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанның Талас қаласында Қазақстанның құрметті консулының кеңсесі ашылды, деп хабарлайды Қазақстанның СІМ.

Талас облысы Қырғызстанның солтүстік-батысында орналасқан, Жамбыл облысымен шектеседі.

Танымал қырғыз ортопед-дәрігері, академик Сабырбек Жұмабеков 2014 жылдан бері Талас облысындағы Қазақстанның құрметті консулы болып келеді.

Ол қазір Қырғызстанның Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының басшысы қызметін атқарады. Құрметті консулдың консулдық округына бүкіл Талғар облысы кіреді.