Оқиға

Атырауда бес вагон рельстен шығып кетті

Оқиға сейсенбі күні таңертең болған
Sputnik

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында астық тиелген жүк вагондары рельстен шығып кетті. Ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне растады.

"23 қаңтарда таңғы 09.43 кезінде Жылыой ауданы Шоқпартоғай разъезі, Мақат-Күлсары учаскесінде Мақат-Маңғышлақ бағдарлы жүк пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті", — деп мәлімет берді ТЖД.

Департамент мәліметінше, төтенше оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Қазір оқиға орнында апаттық-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған жайттың мән-жайы анықталмақ.