АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Астанада соңғы бірнеше күн ішінде жеті көлік өртеніп кетті, тағы бесеуінің электр сымы тұйықталып, бірақ өртенбеген, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше ахуал бойынша комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Мысалы, 22 қаңтарда Дүкенұлы көшесінде Audi A6 көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртеніп кеткен, өрттің себебі электр сымының қысқаша тұйықталуы болды. 22 қаңтарда Сарыарқа даңғылында Toyota Land Cruiser Prado көлігінң қозғалтқыш бөлігі жанып кетіпті, оның да себебі – электр сымының қысқаша тұйықталуы.
"Көліктегі өрттің қауіптілігі сол, күтпеген жерден басталады. Түтін мен күйік иісі сезілгенде, бірақ білесің. Ал жалын тез тарап кетеді. Бүкіл процеске екі-үш минут жеткілікті. Сол себепті көлігіңізді қорғау үшін өрт қауіпсіздігін мұқият сақтаңыз!", — деп ескертеді құтқарушылар.
Көлікте өрт шықпауы үшін өрт қауіпсізсіздігін сақтап, электр сымдарын уақытылы тексеріп тұру қажет әрі қозғалтқышты жылыту үшін ашық жалынды пайдаланбаған жөн.