Өңірлер

Қостанайда жігітіне ренжіген қыз аязда қимылсыз жатқан жерінен табылды

Қыз жігітімен ұрсысып қалып, 28 градус аязда үйіне жаяу кеткен
Sputnik

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қостанайда жас қыз аязда үсіп өле жаздады, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.  

Ақмола облысында қатты боранда малшы үсіп өлді
19 қаңтар күні түзеу мекемесінің қызметкерлері әуежай ғимаратынан үш шақырым жерден қимылсыз жатқан қала тұрғынын тауып алды.  

"Жедел бөлімнің бастығы, әділет майоры Ілияс Боқаев қардағы ізді көріп, сол ізбен жүріп отырған. Үш шақырым жерден ол қарда жатқан қызды көреді. Зардап шеккен қыз қимылсыз күйде болған, қатты тоңғандықтан сөйлей алмаған", — деп жазылған хабарламада.

Аталған оқиға 19 қаңтар күні сағат 21.00 шамасында қоныс колониясының маңында болған. Кезекшілікте болған УК 161/11 мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет капитаны Динара Мадиярова біреудің айқайлағанын естиді. Ер адам Қостанай — Федоровка автожолына жақын маңда көмек сұрап тұрған. Жанжалдан кейін оның дос қызы автокөліктен түсіп, үйіне жаяу кеткені анықталды.    

Қостанай облысында жігітімен ұрсысып қалған қыз үсіп өле жаздады

Департаменттегілер жұма күні сынап бағанасы 28 градус аязды көрсеткенін атап өтті.  

Киім-кешек алу үшін Қытайға барған әйелдер жолда үсіп қала жаздады
"Алдымен әділет майоры Ілияс Боқаев пен әділет капитаны Асхат Баламбаев қызды өнеркәсіптік аймаққа қарай жаяу іздеп шықты. Содан кейін әділет капитаны Нұрсұлтан Жұмашев пен әділет аға лейтенанты Диас Нұрахметов көлікпен көмекке келген", — деп нақтылады ІІД. 

Ұрсысып қалған қыз бен жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бір кесе ыстық шай ішкеннен кейін жігіт қыздан кешірім сұрады.