Макашева: казахстанцев будут стимулировать на переход к электромобилям
© Sputnik
Өткен жылы Қазақстанда электр қуатымен жүретін 36 көлік сатылды. Қаншама жеңілдіктерге қарамастан экологиялық электрокарларды алғысы келетіндер саны онша көп емес. Дегенмен үкімет тұтынушыларды электромобиль сатып алуға ынталандыруды жалғастыра бермек.
Электр қозғалтқышымен жүретін көлік алғысы келетін тұтынушыларға қандай қолдау көрсетілетінін, сонымен бірге қажетті инфрақұрылымды дамыту үшін қандай жоспар құрылғанын Қазақстанның автобизнес қауымдастығы вице-президенті Анар Мақашева Sputnik Қазақстан агенттігіне айтып берді.