АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында құқық қорғау органдары иттерді ұрлап әкетіп, оның етін мейрамханаларға сатқаны үшін ер адамды ұстады, деп хабарлайды РИА Новости "Наньфан душибао" басылымына сілтеме жасап
Тергеу интернетте жарияланған видеожазбадан кейін басталған. Онда мотоцикл мінген ер адам қашып бара жатқан итті атып құлатып, қапқа салып алып кеткені көрініс тапқан.
Тергеу басталып, іздеу жарияланғаннан кейін үш күннен соң ер адам Хуэйчжоу қаласындағы үйлердің бірінен ұсталды. Оның үйінен екі арбалат және 130-ға тарта оқ табылды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері боршаланған бірнеше иттің еті мен 21 тірі итті тапты.
Кейінірек ер адам күн сайын 40-қа дейін ит өлтіріп, етін жақын маңдағы мейрамханаларға сатып отырғаны анықталды.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.