АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Нью-Йоркте қоғамдық кітапханада қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды.
Орталықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сонымен қатар тарихи, ғылыми және көркем әдебиет қойылған. Барлығы кітапханада 200-ге жуық кітап бар.
"Бұл тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстарын кітап арқылы жеткізу үшін тамаша мүмкіндік", — деп жазған ұлттық академиялық кітапхананың құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева.
Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі бойынша тек Конгресс кітапханасы мен Британдық кітапханаға ғана жол береді.