Мәдениет

Димаш Құдайберген "Грэмми" иегерімен дуэт айтады

Әнші фанаттарын жақын арада қуантатынын мәлім етті
Sputnik

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Грэмми" иегерімен дуэт болып ән шырқайды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Жақын арада "Грэмми" жүлдесінің иегерімен дайындап жатқан дуэтімізді күтіңіздер", — деп жазған әнші парақшасында. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген әйгілі композитор, продюсер Уолтер Афана́сьеффпен бірге жұмыс істейтінін айтқан еді. 

"Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол "GRAMMY" жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс істеген ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған "Титаник" телефильмінің саундтрегі "My heart will go on" əнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. "Красавица и Чудовище", "Аладдин" (1992), "Телохранитель" (1992), "Только ты" (1994), "Геркулес", "Игра" (1997), "Другая сестра" (1999), "Госпожа горничная" (2002). Джеймс Бонд "Лицензия на убийство" фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз", — деп бөліскен еді әнші.