Қоғам

Қазақстандықтар Өзбекстан елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр

Қазақстан ЖОО студенттері Ақтөбедегі автобус өртінің құрбандарын еске алды
Sputnik

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Алматы тұрғындары Ақтөбе облысында автобус өртінде қаза тапқандарды еске алып, Өзбекстан елшілігі алдына гүл шоқтарын әкеліп жатыр.

С.Н. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттері, "Жас Отан" жастар қанаты мүшелері және басқа да жандар қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

 

 

Өткен бейсенбі күні таңертең Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртеніп, елу екі Өзбекстан азаматы қаза тапты. Бес адам аман қалған: олардың арасында үш қазақстандық жүргізуші бар, олар жеңіл-желпі жарақат алыпты.