Видео

Астанада дүкенде телефон ұрлаған жас жігіт видеоға түсіп қалды

Астаналық полицейлер Абай даңғылындағы азық-түлік дүкенінде сатушының iPhone маркалы телефонын ұрлап кеткен жас жігітті іздестіріп жатыр.
Sputnik

Кассада есеп айырысып тұрған жігіт сатушының үстелінде қымбат телефон жатқанын байқайды. Оны ұрлау үшін сатушыдан сөреден бір нәрсе әперуді өтініп, әйел сырт айналғанда телефонды алып, күрткесінің қалтасына тығып жіберген. Кейін түк болмағандай алған тауарының ақшасын төлеп, дүкеннен шығып кетеді. Жас жігіттің ұрлығы дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Қазіргі таңда полицейлер ұрлықшының кім екенін анықтау және оны ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полиция күдіктіні іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрайды. Видеодағы адамды көргендер немесе танитындар болса, Алматы ауданы ІІБ-ге (Жансүгірұлы көшесі, 2) жүгінуге немесе 8 (7172) 71-67-45, 102 нөмірлеріне хабарласуына болады.