АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Жетім балаларды асырап алғандар енді табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады", — деді Дәленов ОКҚ-де өткен брифингте.
Дәленов табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылатынын нақтылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты.
"Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты", — деді ол.