Әлем

Бір топ кісіні көлік қағып кетті: 15 адам зардап шеккен

Жүргізушінің айтуынша, эпилепсия ұстамасы ұстап, рөлді басқара алмай қалған
Sputnik

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Рио-де-Жанейрода бір топ кісіні көлік қағып, он бес адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Алматыда Range Rover қар тиелген КамАЗ-ға соғылды – бір адам ажал құшты

Бастапқы мәлімет бойынша, оқиға әлемге әйігілі Копакабана жағалауында болған. Төрт бала зардап шекті, олардың арасында жаңа туған сәбилер бар.

Полиция 41 жастағы жүргізушіні ұстады. Ер адам эпилепсия ұстамасы ұстап, рөлді басқара алмай қалдым деп ақталған.