Саясат

Елбасы БҰҰ қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды

Мемлекет басшысы кеше БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысып, жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы сөз қозғады
Sputnik

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу алдында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен байланысты өзекті мәселелерді талқылады.