Өңірлер

ОҚО-да 16 жастағы бозбала көршінің қызын зорламақ болған

Айыпталушының жасы кәмелетке толмағандықтан қылмыстық іс жабық жағдайда қаралды
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған көрші қызды зорламақ болған 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлады Отырар телеарнасы. 

Алматы облысының тұрғынын жұмысқа бара жатқан жолда зорлап кеткен
Айыпталушының жасы кәмелетке толмағандықтан ауылдасының абыройын төкпек болған жасөспірімнің ісі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында жабық жағдайда қаралды.

Бұрын сотты болмағандығы мен жас ерекшелігі, жәбірленушілердің кешірім бергендігі ескеріліп, ең төменгі мерзімді жаза кесілді.

Сонымен көрші қызды зорламақ болған 16 жастағы бозбала 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.