Өңірлер

52 адамның өмірін жалмаған автобустағы өрттің алдын ала себебі анықталды

ТЖД мәліметінше, автобуста көп жанармай қоры болған
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті 52 адамның өмірін жалмаған өрттің алдын ала себебін айтты.    

Департамент баспасөз қызметінің өкілі Виталий Синевтің мәліметінше,  өртке қысқа тұйықталу себеп болған.  

Ақтөбеде автобустағы өрттен аман қалғандардың аты-жөні белгілі болды
"Автобус тоқтаған, барлық жүргізуші автобустан жүгіріп шыққан. Адамдар есікке қарай жүгірген, алайда бүйірдегі есік жабық қалған", — деді Синев. 

Сондай-ақ автобус үлкен көлемде жанармай алып бара жатқан болуы мүмкін, өйткені көлік бірден отқа оранған.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында "Икарус" жолаушылар автобусында өрт шыққан. Автобустың ішінде 57 адам болған.  Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам аман қалып отыр, қолдарын ғана күйік шалған.