Видео

Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы жарияланды

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты. Бес адам аман қалды, олар түрлі дәрежедегі күйік алған.
Sputnik

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, қаза тапқан адамдар – Өзбекстан азаматтары. Автобус ішінде барлығы 57 адам болған. 

Жедел штаб құрылды, оқиға орнына Ақтөбе облысы басшысының орынбасары, дәрігерлер, криминалистер, құтқарушылар ұшып барды.