Оқиға

Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті: 52 адам ажал құшқан

Өрт шыққан автобуста 57 адам болған, бесеуі ғана аман қалды
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысында автобус өртеніп, елуден астам адам қаза тапты.

Астананың сол жағалауында көлік өртенді

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан агенттігіне Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, 18 қаңтарда он жарым кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде "Икарус" автобусы өртенген.

"Автобуста 55 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Азаматтықтары анықталуда. Бес жолаушы аман қалып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қалған 52 адам оқиға орнында қаза тапты", — деп хабарлады Иманқұлов.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлағандай, қаза тапқандардың бәрі Өзбекстан азаматтары.