Экономика

Қазақстан 1,3 миллиард АҚШ долларына Boeing ұшақтарын сатып алады

Алғашқы ұшақтар 2018 жылдың наурыз айында Қазақстанға әкелінбек
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстан әуе компаниялары Boeing америкалық корпорациясынан жолаушылар ұшағын сатып алу ниетін растап, жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге келісім жасасты, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтасатын болды

Белгілі болғандай, SCAT Airlines әуе компаниясы Boeing-737 MAX 8 моделіндегі алты ұшаққа тапсырыс беріпті.

Алғашқы ұшақ 2018 жылдың наурызында әкелінеді және, бір қызығы, 737 MAX моделі Қазақстанда, жалпы Орта Азияда алғаш рет қолданысқа енгізілмек.

Air Astana ұлттық әуе компаниясы осы келісімге сәйкес үш 787 Дримлайнер ұшағын сатып алады. Олар елге 2021 жылы әкелінетін болды.