Саясат

Назарбаев GoldmanSachs және ExxonMobil компанияларымен ынтымақтастықты талқылады

Мемлекет басшысы компания өкілдеріне "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен елдің мұнай және газ жобалары туралы айтты
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті "ExxonMobil" компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудс және "Goldman Sachs" компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Елбасы "Nasdaq" басшысын "Астана" халықаралық қаржы орталығының ашылуына шақырды

Харви Шварцпен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

"Бүгінде барлық құқықтық жағдай жасалды. Ағылшын құқығы базасындағы сот құрылды. Қатысушылар үшін қажетті барлық жеңілдіктер қарастырылды, соның ішінде виза және салық жеңілдіктері де бар", – деді Қазақстан президенті.

"ExxonMobil" компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесуде мемлекет басшысы Қазақстан мен "ExxonMobil" компаниясы арасында мұнай-газ саласында қалыптасқан экономикалық серіктестікті айрықша атап өтті.

Қазақстан президенті бұл компанияның Теңіз және Қашаған мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобаларға атсалысып отырғанын айтты.