Өңірлер

Қарағандыда үш балалы ана баспанасыз қалды

Өрт салдарынан бүтін бір отбасы киім-кешексіз, үйсіз-күйсіз далада қалды
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда үш балалы ана өрт салдарынан баспанасыз қалды, деп хабарлайды 31 арна.

Теңізде мұнайшылар жатақханасы өртеніп кетті

Өрт кезінде отбасы мүшелері үйде болған. Кешкі 9 кезінде үйдегілер көрші бөлмеден шығып жатқан түтін иісін сезеді. Қараса, кір жуғыш машина жанып жатыр екен. 

Снежана Шевченконың сөзіне сүйенсек, үйден тек құжаттарын алып үлгеріпті. Қалғанының бәрін өрт жалмап немесе су бүлдіріп тастаған. Әйел адам үш баласын жалғыз өзі асырап отыр, екі жұмыста істейді. Жақында жалақысын алып, несие төлеп, үйге азық-түлік сатып алған.

"Жаз болса бір сәрі ғой. Қаңтардың қақаған қысында емес! Күн аязда мұның бәрін қалай істеймін? Жалғыз өзім неге шамам жетеді? Күшім де, жігерім де жетпес. Бәрі жанып кетті. Ештеңе қалмады: аяқ киім де, күрте де. Жылы киіміміз де қалмады", — дейді әйел.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өртке мұржадағы ақау себеп болды дейді.

Мектеп отбасы мүшелерін оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге уәде берді. Әйел адам балаларымен бірге құрбысының үйінде тұрмақ. Ал қыздарының бірі әжесінің қолында болады.