Оқиға

Атырау облысында пойыз астына түскен қыз аяғынан айырылды

Зардап шегуші облыстық ауруханада ем алып жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталмақ
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Атырау облысында теміржол станциясында бойжеткен пойыз астына түсті, деп жазады "Ақжайық" жергілікті басылымы. 

"Сағыз теміржол станциясында он тоғыз жастағы қыз белгісіз жағдайда Атырау-Алматы бағдарлы пойызының астына түсіп, аяғынан айырылды. Қазір облыстық аурухана дәрігерлері бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ.