Қоғам

Кәсіпкерді бопсалаған танымал блогер жеті жылға сотталды

Сот Ринат Халиковты кәсіпкер Ержан Сқақовты бопсалағаны үшін айыпты деп таныды
Sputnik

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде "Дядя Река" деген атпен белгілі танымал қазақстандық блогер Ринат Халиковқа Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында үкім шығарылды.

Белгілі қазақстандық блогер сот алдына келді

Сот Ринат Халиковты ірі көлемде бопсалаумен айналысқаны үшін айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруға және заңсыз жолмен тапқан мүлкін тәркілеуге шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, кәсіпкер Ержан Сқақовтың талаптары толығымен қанағаттандырылады, соған сәйкес Халиков материалдық шығын ретінде бір миллион жиырма мың теңге төлейді, сонымен бірге жәбірленуші адвокатының қызметі үшін 150 мың теңге төлеуі тиіс.  

Істің материалына сүйенсек, Елена Иванованы зорлау ісіне қатысты ақпаратты таратпағаны үшін танымал блогер бұрынғы мәслихат депутаты, кәсіпкер Ердан Сқақовтан ақша мен Өскемен қаласы орталығындағы үш бөлмелі пәтерге сенімхат талап еткен. Ринат Халиков 30 мың доллар алып жатқан жерінде ұсталған болатын.