Мәдениет

Владимир Жириновский театр сахнасында өнер көрсетпек

Ресейлік депутат спектакльде Фамусовтың рөлін сомдайды
Sputnik

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Ресейлік ЛДПР саяси партиясының көшбасшысы әрі президенттікке үміткер Владимир Жириновский "Горе от ума" спектакліне қатысады, деп хабарлайды РИА Новости.

Жириновский "Школа современной пьесы" театры сахнасында Фамусовтың рөлін сомдамақ. Саясаткер қатысатын спектакль бір-ақ рет – 18 қаңтарда қойылады.

Бұдан бұрын Жириновский театр сахнасына шығып, өзін-өзі сомдаған болатын.