Оқиға

Алматыдан 358 километр қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі 10 километр тереңдікте орналасты
Sputnik

АСТАНА, 17 қаңтар — Spputnik. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесі сәрсенбі күні жер сілкінісін тіркеді.  

4.4 магнитудалы жер сілкінісі Алматыдан 358 километр жерде Қытай аумағында 17 қаңтар күні сағат 04.25-те болған.  

Зілзала ошағы 10 километр тереңдікте орналасты. Оның сезілгені туралы мәлімет жоқ.