АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарының аумағындағы автожолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметі.
Қар, бұрқасын және жолдың нашар көрінуі салдарынан Астана – Ерейментау – Шідерті (16-259 километр) және Астана – Павлодар автожолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жүргізушілер мен жолаушылар республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы +7 7172 444 777, +7 771 7444 777 нөмірлері арқылы біле алады. Сонымен қатар, WhatsApp-пен сұрақ қоюға болады.