Қоғам

Назарбаев тергеу соттарын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанның 14 облысы орталықтарында тергеу соттары жұмыс істейді
Sputnik

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы жарлыққа қол қойды.

Елбасы Вашингтонға ресми сапармен барды

2018 жылдың 10 қаңтарындағы №620 жарлық мәтіні "Әділет" нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды.

Жарлыққа сәйкес Қазақстанда барлық облыс орталығында мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылады.

Және олардың судьялары да тағайындалмақ.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.