Экономика

Қазақстанда өзгерістерді қатты қалайтын облыс анықталды

Өзгерістерді қолдайтын өңірлер арасында Жамбыл облысы көш бастап тұр
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халқының 40,4 пайызы "ауқымды өзгерістерді" қалайды. "Нұр Отан" партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы жүргізген блиц-сауалнама нәтижесі осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстандықтарды қандай проблемалар мазалайды?
"Сауалнамаға қатысқандардың 40,4 %-ы елде "ауқымды өзгерістер" қажет деген пікірде, 37,2%-ы болмашы өзгерістер болғанын құптаған. Ешқандай өзгеріс керек емес, бәрі сол күйінде қалсын дегендер де болды. Олар 8,9%-ды құрады", — деді орталық директоры Юлия Кучинская.  

Оның айтуынша, әдетте жастар жағы басым өңірлер өзгерістерді көбірек қолдайды. 

"Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы мен Қарағанды облыстарында жастардың үлесі басым. Сәйкесінше елде өзгеріс болғанын қалайтын тұрғындар саны бұл аймақтарда жоғары. Осы кезде айта кетсем, зерттеу барысында бір қызық факті анықталды: халықтың табысы неғұрлым жоғары болған сайын, өзгерісті қажет ететіндер соғұрлым аз болған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде республикада ең төменгі табыс деңгейі Жамбыл облысында тіркеліп отыр. Зерттеу нәтижесі бойынша өзгерістерді қолдайтын өңірлер арасында тиісінше Жамбыл облысы көш бастап тұр", — деді Кучинская. 

БҒМ "астаналық мұғалім" мәртебесін енгізу мәселесін қарастырады
Әлеуметтанушы қазақстандықтар саяси емес, экономикалық өзгерістер болғанын қалайтынын атап өтті.

"Зерттеу кезінде біз қазақстандықтардың қаншалықты өзгерістерге дайын екенін, жалпы өзгеріс қажет пе, осы мәселелерді назарға алдық. "Ауқымды өзгерістер" дегенде саяси өзгерістер туралы сөз болып отырған жоқ. Біздің ойымызша, қазақстандықтар табыстың өсуіне септігін тигізетін экономикалық өзгерістерді меңзеп отыр", — деді ол.