АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының Текелі қаласында 60 жастағы әйелдің мәйіті табылды, оны тұншықтырып өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды, деп хабарлайды өңірдегі ІІД баспасөз қызметі.
2 қаңтар күні табылған әйелдің мәйітінде сыртқы күштеп өлтіру белгілері болмаған. Ол жүрек ауруынан көз жұмуы мүмкін деген болжам жасалды, дегенмен сот-медициналық сараптама әйел асфиксия салдарынан өлгенін көрсетті, яғни біреу буындырған.
Полицейлер шұғыл іздестіру шаралары барысында күдіктіні өткен демалыс күндері анықтап, ұстады. Күдікті зардап шегушінің көршісі болып шықты.
"Ұсталған азаматтың айтуынша, кісі өліміне көршілер арасында тұрмыстық жанжалдың туындауы себеп болған. Қылмыс бәтеңке бауымен жасалған, ол қылмыстық өндіріс материалына қосылды. ҚР ҚК 99-шы "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Текелі ҚІІБ бастығының орынбасары Азамат Тұрғынбаев.
Күдікті тергеу барысында қамауда болады.