АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. ҚР білім және ғылым министрлігі "астаналық мұғалім" мәртебесін енгізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ал білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасын енгізу бұл мәселені шешуі мүмкін екенін айтты.
"Бізде еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілген. Ол барлық қызметкерге ортақ және өңірлік ерекшеліктерді ескермейді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы бұл мәселені шешуі мүмкін. Себебі, сіздер білесіздер, Астанадағы мектептер оқушыларға лық толы. Біздің ойымызша, осы жүйе бірқатар мәселені, соның ішінде мұғалімдерді ынталандыру мәселесін де шешеді. Біз Астананы кездейсоқ таңдап отырған жоқпыз. Яғни мектептерде тиісті қаржыландыру енгізіледі, ал онда сыныптағы оқушылар саны мен мұғалімнің жүктемесін ескере отырып ынталандыру шаралары қарастырылған», — деді Асылова.