АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның батыс өңірінде ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды өңірлік "Мой ГОРОД" басылымы.
Жол апаты 14 қаңтарда күндіз Атырау-Астрахань тас жолында Х. Ерғалиев атындағы ауылдан бес шақырым жерде болған.
"Hyundai Accent пен "ВАЗ-21015" көліктерінің соқтығысуынан бес адам қаза тапты: "ВАЗ-21015" көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, 40 және 57 жастағы екі әйел, 29 жастағы жігіт пен 60 жастағы жолаушы", — деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауруханасына жеткізілген.
Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.