Өңірлер

Алматы облысында қызын тістеп тастаған ер адам ұсталды

Күдікті 14 қаңтар күні таңертең ұсталды. Полиция бұл істі тергеуді ерекше бақылауға алған
Sputnik

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Үш жасар қызды тістеп жарақаттаған 31 жастағы Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлады өңірдегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.   

Өгей әкесі тістеп тастаған қыздың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Қоғамдық резонанс тудырған оқиға 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні Талғар ауданында болған. Үш жасар қызды өгей әкесі тістеп тастаған. Бет-аузы ауыр жарақаттанған бала ауруханада екі аптадан астам емделіп шықты.  

ҚР ҚК 107-бабы бойынша (Адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Алайда 12 қаңтарда қылмыстық іс 106-шы бапқа (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) өзгертілді. 

"Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.  Ер адамға іздеу жарияланып, бүгін таңертең ауданнан шыға беріс жолда ұсталды. Қазір ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді", — деп хабарлады облыстық полиция.