Оқиға

Астанада ЭКСПО символдарының бірі өртенді

Жалын өрт сөндірушілер келгенше өшірілді, зардап шеккендер жоқ
Sputnik

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. "ЭКСПО-2017" көрмесі маңында орналасқан қуыршақтардың бірі өртенген, мәліметті Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет растады.

ЭКСПО аумағында керемет жаңа жылдық бағдарлама өтеді

Өрт сенбі күні шығыпты. ЭКСПО символдарын демонтаждау кезінде қуыршақтардың бірі өртене бастаған, өртену аумағы бес шаршы метрді құрайды.

"Жалын өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Бастапқы себебі — электр желісінің қысқаша тұйықталуы", — деп хабарлайды ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.