Оқиға

Батыс Қазақстанда малшыны атып өлтірген

Фермер мен малшы арасында қандай кикілжің болғаны белгісіз
Sputnik

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстанда шаруа қожалығының иесі малшыны өлтірді деп айыпталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысы Ибрагим Жүсіпқалиев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Батыс Қазақстанда екі әйел мен сәбиді өлтірген жігіт жазасын жеңілдетуді сұрайды

1976 жылы туған ер адамның мәйіті оқ жарақатымен Жаңа өмір ауылында Көкеншеген шопандар тұрағында 2017 жылдың 6 желтоқсанында табылған. Өлтірілген азамат Сасықкөл ауылынан екен.

Малшы өлімін тергеу барысында 1971 жылы туған шаруа қожалығы иесінің қатысы бары анықталды. Ол Оралдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстық іс қозғалды.