Өңірлер

Павлодарда ақтүтек боранның кесірінен нәресте шетінеп кетті

Жедел жәрдем көлігі шала туған сәбиді ауруханаға дер кезінде жеткізе алмаған
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Павлодарда дәрігерлер шала туған нәрестенің өміріне араша түсе алмады.

Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен мұғалімнің мәйіті табылды

Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова хабарлағандай, қыз бала 30 апта, 6 күн мерзімінде дүниеге келген.

"Нәресте 11 қаңтарда мерзімінен бұрын операция жасау арқылы дүниеге келген. Жедел жәрдем таңғы сағат жетіде шақырылыпты. Біздің дәрігерлер жеті жарымда аттанғанымен, ақтүтек боранның кесірінен науқасқа 11:30 кезінде әрең жектен", – деп мәлімет берді бас дәрігер.

Оспанованың айтуынша, ауылға жеткен дәрігерлер сәбиді қарап, аппаратқа қосып, құтқару үшін бар керектіні жасаған. Алайда жол жабылып қалғандықтан, ауруханаға дер кезінде қайта алмайды.

Сағат 19.00-де ғана жол ашылып, жедел жәрдем 22.00-де қалада болды. Жолда сәбидің жағдайы күрт  нашарлап, Павлодар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Бірақ көп ұзамай шетінеп кетеді.