АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында екі электр пойызы тоқ қабылдағыштың істен шығуына байланысты жолда тоқтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шортанды ауданында 11 қаңтарда сағат 9:30 кезінде Астанадан 30 шақырым жерде тоқ қабылдағыш істен шығып, елордадан Көкшетауға бара жатқан №68-07 электр пойызы үш сағатқа кешікті.
Сондай-ақ Аршалы ауданында 42-ші разъезд станциясында Қарағанды-Астана бағытындағы №68-57 электр пойызы да тоқтап қалады.
Сағат 14:35-те 139 адам Жезқазған-Астана бағытындағы жолаушылар пойызына отырғызылды.
Басқа пойыздар кесте бойынша жүріп жатыр, зардап шеккендер жоқ.
Кеше Ақмола облысында болған боранға байланысты "112" нөміріне үш мыңнан астам қоңырау түскен.