Өңірлер

Қостанайда 25 жастағы жігітті өз анасы өлтірген болып шықты

Әйел ұлын пышақтап өлтіргені анықталып отыр
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Қостанайда 25 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды, деп хабарлайды alau.kz.

 

Шығыс Қазақстанда 34 жастағы әйел екі баласын пышақтап өлтірді
Облыстық ІІД мәліметінше, денесінде күштеп өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті 1 қаңтар күні табылған.   

"Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өлген жігіттің анасы болып шыққан. Әйел өз ұлын пышақтап тастағаны анықталды", — деп хабарлады өңірлік портал.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.