Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, бұрқасындатады

Синоптиктер 12 қаңтарға ауа райы болжамын жасады
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында қалып, кей жерлерде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасындатады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

Биыл қыс ерте түсе ме? Синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын айтты
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, түнде Ақмола облысында екпіні 25 м/с-ке жетеді, кей жерлерде бұрқасындатады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. 

Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, бұрқасындатады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с-ке күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.  

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. 

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.