Қоғам

Астанада боран кезінде ер адам өмірін қауіпке тігіп, жол қозғалысын реттеуге кіріскен

Жол қиылысындағы батыл әрекеттің соңы неге қайғылы аяқталуы мүмкін екенін маман түсіндірді
Sputnik

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Астанадағы қатты боран кезінде жол қиылысында көлік қозғалысын реттеп тұрған ер адамның видеосы туралы әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева Facebook парақшасында пікір білдірді.

Қатты боран салдарынан Хан Шатыр сауда орталығына зиян келді

"Көптеген адамдар қарапайым азаматтың осындай сәтте мойнына жауапкершілік алып, жол қозғалысын реттегеніне қуанып жатады, бірақ бекер! Бұл "ерікті реттеушінің" өзі үшін де, көлік иелері үшін де қауіпті. Ойлап көріңіздерші, осындай кезде жол апаты болып, жаңағы адамды көлік қағып кетсе, кім кінәлі болмақ, жауапкершілік кімнің мойнында? Бұл ойыншық емес! Азаматтарды ойланбастан осындай қадамға бармауға шақырамын", — деп жазды Лукьянина-Костерева.

Оның орнына халыққа 102 нөміріне хабарласып, бағдаршамның істен шыққанын айтуға кеңес берілді.