АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Елорда тұрғыны алай-түлей соққан желге ұшып, бизнес орталығы ғимаратына соғылып, жарақат алды, деп хабарлайды травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.
"Қолайсыз ауа райынан екі адам зардап шекті: 1984 жылғы әйелдің үстіне баннер құлап, оң жақ жауырынынан жарақат алған, 1950 жылы туған ер адам қатты желге ұшып, бизнес орталығына соғылу салдарынан тобығын ауыртып алды", − деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жалпы ұйымның мәліметінше, 10 қаңтарда травмпунктке 73 адам қаралып, олардың 46-сы көшеде жарақат алған.
Бүгін 11 қаңтарда 8:00 бен 15:00 аралығында 17 адам қаралыпты. Мекеме штаттық режимде жұмыс істеп тұр.