АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Жеңіл автокөлік ГАЗельге соғылып, жүргізушісі апат орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік айналма жолмен келе жатқан Toyota Soarer көлігінің жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған ГАЗельге соғылған.
Жүргізуші жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көліктің есігін кесіп, ер адамның денесін алып шықты. Ал көліктің ішінде болған қыз ауруханаға жеткізілген.
Жол апаты болған жерде жол және криминалдық полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.