АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысының полициясы 13 жастағы қызына пышақ салды деген күдікпен ұсталған әйелге қатысты қылмыстық бапты өзгертті.
Полицияның мәліметінше, 7 қаңтарда Қостанай тұрғыны мас күйінде қызымен ренжісіп, оған пышақ салған. Қыз бала ауруханаға түсті.
"Қазір тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің әрекеті "Адам өміріне қастандық жасау" бабына алмастырылды", — делінген өңірдің ішкі істер департаменті.
Бұдан бұрын полиция "Біреудің денсаулығына қасақана зиян келтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатқан болатын.