АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Атырауда көлік жүк салғышына 1 тонна балық жасырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін сағат 02:30-да "Атырау-Астрахань" тас жолында "Toyota Land Cruiser" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікті Жанбай ауылының 1995 жылғы тұрғыны тізгіндеген. Тексеріс барысында көлік салонынан салмағы 1 тоннаны құрайтын 35 қап сазан балығы табылды.
"Автокөлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 196-бабына сәйкес тергеу амалдары жүгізілуде", — деп мәлімдеді Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.