АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Таиландта жол апатына түскен қазақстандықтардың қандай хәлде екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Таиландтағы қазақстандық дипломаттар Пхукет аралында болған жол апатында зардап шеккен Қазақстан азаматтарымен байланысып, қажетті көмекті көрсетіп жатыр", — деп хабарлады министрлік.
Жол апатына түскен сегіз азаматтың төртеуі (1945 және 182 жылы туған екі ер адам мен 1978 және 1993 жылғы екі әйел) түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, қалған төртеуі жеңіл жарақат алған.
"Екі адамға операция жасалды, қазір олар жергілікті клиникада емделіп жатыр. Әйелдердің біреуі бүгін түске дейін ауруханадан шығарылды. Барлық зардап шеккендердің медициналық сақтандырулары бар", — деп жазылған хабарламада.