Саясат

Елбасы жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңға қол қойды

Заң қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған
Sputnik

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы желіде жасырын пікір жазуға тыйым салатын заңға қол қойды
"Мемлекет басшысы жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, президент "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.