Қоғам

Назарбаев: Қазақстан қалаларын "ақылды қалаға" айналдыру керек

Елбасы жолдауында "Ақылды қала" тұжырымдамасы қамтылды
Sputnik

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ақылды қала" "эталонды" стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент "рухани жаңғырудың" мән-маңызы неде екенін түсіндірді

Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында негізгі 10 міндет айқындалған. Соңғы оныншы міндетте "ақылды қала" тұжырымдамасы қамтылған.

"2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады. "Смарт Сити" тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет", — деді президент.

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

Осы орайда Елбасы Астана тәжірибесін негізге алып, "Ақылды қала" "эталонды" стандартын қалыптастыруды және басқа қалалар арасында озық практиканы таратуды тапсырды. 

"Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде "Смарт Сити" "эталонды" стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.  "Ақылды қалалар" өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады", — деп атап өтті Назарбаев.