Қоғам

Мемлекеттік органдар химиялық кастрация жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Бас прокуратурада химиялық кастрация жүргізу туралы ведмоствоаралық жиналыс өтті
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Мемлекеттік орган өкілдері педофилдерді химиялық кастрация жасау арқылы жазалауға дайындығын мәлімдеді. Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық жиналыста қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау ұйымдарының бұл процедураға қаншалықты дайын екені талқыланды.

Құрманалиев: педофилдерді піштірудің қажеті жоқ

"Химиялық кастрация сот үкімімен, сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық алымсақтық жасаған тұлғаларға қолданылады. Андрогендік препараттар пайдаланылатын екпе бас бостандығынан айырылғандарға түрмеде жасалса, басқа жазаға кесілгендерге денсаулық сақтау ұйымдарында жасалады", — делінген ведомство хабарламасында.

Мемлекеттік орган өкілдері бұл процедураны жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді.