Бүгін кешке ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық арналардан жолдауға байланысты мәлімдеме жасады.
Елбасы мәлімдегендей, Жолдау төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еліміздің дамуына арналады. Назарбаев болашақта жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі міндетті атап көрсетті.