Экономика

Назарбаев: банк иелерінің жауапкершілігін көтеру керек

Елбасы қаржы секторының алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі банктердің иелері мен оларды басқарып отырған тұлғалардың жауапкершілігін көтеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы қаржы секторының алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. 

Назарбаев мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға өсетінін айтты

"Банк жүйесін сауықтыру бойынша іс-шаралар қатаң қадағалануы тиіс және қарапайым азаматтардың мүдделері ескерілуі қажет. Банктердің иелері мен оларды басқарып отырғандардың жауапкершілігін мейлінше көтеру керек", — деді Назарбаев жыл сайынғы жолдауына арналған мәлімдемесінде. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы кредиттеуді кеңейтіп, қор нарығын дамытуды қамтамасыз етудің аса маңызды екеніне тоқталды. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауына байланысты мәлімдеме жасайтыны хабарланған еді. Алты минуттық мәлімдеме республикалық телеарналарда көрсетілді.